ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Елорда жылыту маусымына дайын

Астанада орталық­тан­ды­рыл­ған жылумен жабдықтау жүйесіне қосылған 2455 әлеу­меттік нысанның 2335-і немесе оның 90,5 пайызы жылыту маусымына дайын. Оған 2146 тұрғын үй, 28 денсаулық сақтау, 152 білім нысаны және 9 мәдениет мекемесі кіреді.

06

Астана қаласы Энергетика бас­қар­масының хабарлауынша, 2016-2017 жылдары жылыту маусымы басталғанша энергокешен толықтай дайындық төлқұжатын алады, ал басқа әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер 100 пайыз дайын болады.
Алдағы жылыту маусымына дайындық пен энергокешенді техникалық ақаусыз жағдайды сақтау аясында «Астанаэнергосервис» АҚ күрделі жөндеу жұмыс­та­рын қолға алды.
«Астана-Энерго» АҚ басты жә­не қосалқы жабдықтарын жөндеу бекітіл­ген кестеге сай жүргізіліп жатыр. Қазіргі кезде ЖЭО-1 – 85%, ЖЭО-2 – 73%, ал аудандық қазандықтар 88 пайыз дайын екен.
«Астана-Теплотранзит» АҚ күр­делі жөндеу бағдарламасы бойынша 1,15 шақырым магистральді желі қайта жөнделді. Қазіргі кезде ұзындығы 1,432 шақырым тарату желісін күрделі жөндеу және 3 698 шаршы метрлік құбырдың жылу оқшаулағышы қалпына келтірілді.
Сонымен бірге, «Астана-РЭК» АҚ-да 110 кВ-тық әуе желісін күрделі жөндеу, 10 кВ-тық және 0,4 кВ-тық әуе желілері мен жабдықтарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button