Елордада 234 мың ШОБ субъектілері белсенді жұмыс істеуде
Қазіргі уақытта елордада 234 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілері белсенді жұмыс істеуде, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5%-ға көп. Оларда 500 мыңнан астам адам жұмыс істейді, бұл елорданың экономикалық белсенді халқының 74%-ын құрайды. Бұл туралы бүгін Астана қалалық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Астана қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі басқарма басшысы Халел Рахымұлы айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
2024 жылдың бірінші тоқсанында кәсіпкерлер 3,3 триллион теңгеден астам сомада тауарлар, жұмыстар мен қызметтер шығарды (2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 26%-ды құрады).Осылайша, шағын және орта бизнес субъектілерінің саны күн сайын артып келеді, біз оларға жан-жақты қолдау көрсетудеміз.
Астанада кәсіпкерлікті қолдаудың барлық негізгі шаралары инфрақұрылымдық қолдау, сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және кредиттерге ішінара кепілдік беру түріндегі шаралар көрсетілген 2023-2027 жылдарға арналған аймақтық даму бағдарламасы бекітілді.
Осы бағдарлама аясында 2024 жылы ШОБ-ты қолдауға бюджеттен 32,5 млрд теңге (РБ – 23 82836 млн. теңге, МБ – 8 6398 млн. теңге) қарастырылған.
Сонымен қатар, бұл бағдарлама аясында жылдық мөлшерлемесі 7%-дан аспайтын «Астана бизнес» жеңілдікті кредит беру бағдарламасы жұмыс істейді. 2024 жылы осы бағдарламаға 2,5 млрд теңге қарастырылған.
коллаж: Амангелді Қияс