Әлеумет
40-тан астам алаяқтық ісіне қатысы бар күдікті ұсталды

Полицияға қала тұрғыны жүгініп, алаяқтық әрекеттердің құрбаны болғанын хабарлаған, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Жәбірленушінің айтуынша, ол Olx қосымшасына шыққан хабарландыру бойынша хабарласып алданып қалған.
Есіл ауданы ПБ полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу кезінде алаяқтық жолмен ақша иемденген 31 жастағы тұрғынды анықтады.
Тергеу барысында ер адам Olx қосымшасында жиһаз сатамын деп алдап, дәл осындай іске қатысты 40-тан аса эпизоды бар екені белгілі болды.
Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бұған дейін Астанада ауыр қылмыс жасаған криминалитет өкілдері ұсталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.