Ел тынысы

Елордада 6-шы аудан құрылады

Астана қаласының қоғамдық кеңесі елорданың Алматы ауданын екіге бөлу бастамасына қолдау білдірді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Астана қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Алтынбек Ахметовтің айтуынша, қалалық мәслихат Алматы ауданын екі дербес әкімшілік бөлікке бөлу туралы шешім қабылдаған.

«Солтүстігі өзінің тарихи атауын сақтап қалса, оңтүстігі жаңа атаумен белгіленетін болады. Жоспарланып отырған екі әкімшілік бірлік арасындағы шекараны үлкен көлік магистральлдары арқылы өткізу көзделген. Шекара сол жағалаудан оң жағалауға қарай өтетін көпірден басталып, Сарайшық көшесі бойымен болады. Одан кейін шекара Қошқарбаев даңғылы бойымен темір жол желісі қиылысына дейін, темір жол желісінен қаланың шекарасына дейін созылады», – деді ол.

Оның дерегінше, жаңа шекарасы шегенделетін Алматы ауданының аумағы 8 518 гектарды, халық саны 200 мыңнан астам адамды құрайды. Ал жаңа ауданның аумағы 6 953 гектар болмақ. Онда 183 мың адам тұрады. Бас жоспарға сәйкес, алдағы уақытта аудан халқы 424 мың адамға жетпек.

Астана қаласының қоғамдық кеңесі мүшелері елордалық мәслихаттың мұндай шешіміне бірауыздан қолдау білдірді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button