Ел тынысы

Елордада әлем чемпионына арналған «Үміт сәулесі» фильмінің премьерасы өтеді

Астанада 15 наурызда пара дзюдодан әлем чемпионы Ерғали Шамейдің өміріне негізделген «Үміт сәулесі» атты қысқаметражды фильмнің эксклюзивті премьерасы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Kazakhcinema мен Dala Cinema компаниясының бірлескен жұмысының арқасында жүзеге асырылған бұл фильм, Ерғали Шамейдің спорттық жетістіктерінің қызықты тарихын ашады. Фильм тек спорттық жетістіктерге емес, сонымен қатар қоғамымыздың маңызды әлеуметтік мәселелеріне де назар салады. Кинематографтың бұл туындысы KISFF2023 кинофестивалінде беделді «Special Mention Award» номинациясымен марапатталып, әлеуметтік маңыздылығын халықаралық дәрежеде дәлелдеп үлгерді. Сонымен қатар аталмыш фильм BCN Sports Film Barcelona International Film Festival фестивалінде лайықты құрметке ие болды. БАҚ өкілдерін, кинокритиктерді және киноға қызығушылық танытқан көрермендерді бұл қызықты көрсетілімге қатысуға шақырамыз.

Көрермендердің қатысуы Париж-2024 жазғы Паралимпиада ойындарының алдында еліміздің пара спортшыларына қолдау көрсетіп, жетістіктеріне лайықты назар аударуға септігін тигізеді. Бұл қоғамымыздағы маңызды әлеуметтік бастамаларды қолдауға арналған тамаша мүмкіндік.

Өтетін күні мен орны: 15 наурыз, сағат 18:00, Кинопарк Сарыарка

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button