Елорда тынысы

Елордада Әлішер Науаи ескерткіші ашылады

 Бүгін елордада өзбек ақыны Әлішер Науаи ескерткіші ашылады. Бұл туралы Ақордада Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөздерден кейінгі БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Қазақ-өзбек достығының алтын көпірі — мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық. Оны жан-жақты дамыту өте маңызды. Екі елдің серіктестігі ежелден жалғасып келе жатқан бауырластық қатынастан бастау алады. Бүгін Астанада өзбек халқының ұлы перзенті ойшыл, ақын Әлішер Науаидың ескерткіші ашылады. Бұл қазақ жұртының өзбек халқына деген ерекше ықыласының белгісі. Әлішер Науаиды күлі түркі жұрты қадір тұтады. Оның мұрасын барша адамзаттың рухани қазынасы деп санайды», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button