Ел тынысы

Елордада актерлер арасында қазақ күресінен республикалық турнир өтеді

Елордада актерлер арасында қазақ күресінен ІІ республикалық «Театр барысы» турнирі өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

28 ақпан сағат 14:00-де елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында қазақ күресінен театрлар арасында II республикалық «Театр барысы» турнирі өтеді. Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен театр және кино актерлері қатысады.

Турнирдің басты мақсаты – еліміздің театрларында ұлттық спортты дамытып, қазақ күресін кеңінен дәріптеу, сондай-ақ Қазақстанның театр кеңістігіндегі актерлердің өнер мен спорттағы шығармашылық әрі әріптестік байланысын нығайту.

Айта кетейік, көрермендер мен жанкүйерлер үшін кіру тегін.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button