Ел тынысы

Елордада «ALEM CUP» халықаралық турнирі өтеді

Елорда төрінде 22-25 наурыз аралығында «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде көркем гимнастикадан «ALEM CUP» халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Дүбірлі додаға 2008 ж.т. және одан үлкен, 2009-2010 ж. т. және одан кіші санаттағы спортшылар қатысады. Сондай-ақ қатысушылар топтық жаттығуларда да бақтарын сынайтын болады. Жарыс Халықаралық гимнастика федерациясының (FIG) көркем гимнастика бойынша 2022-2024 жж. қолданыстағы ережелеріне сәйкес өткізіледі. Айта кетейік, бұл жарыс әлемдік Федерация лицензиясы бар гимнасттар келетін көркем гимнастика бойынша турнир болмақ. «Астана төрінде өтетін көркем гимнастика әлемінде көптен күткен іс-шара. Турнирге Египет, Корея, Қырғызстан, Қазақстан, Беларусь елдерінің ұлттық құрамалардан гимнасттар келіп өнер көрсетеді. Негізі әуелгі мақсат – елдер арасындағы ең үздік гимнасттарды анықтау. Оған қоса елордада өтетін «ALEM CUP» халықаралық турнирі әлемдік күнтізбелік жоспарға енгізілді. Біздің Қазақстан соның ішінде Астаналық аруларымыз өздерін лайықты көрсетеді деген сенімдемін»,- деді әлем халықаралық көркем гимнастика Академиясының басшысы Асем Бақытжанқызы.

Айта кетейік, байрақты бәсеке Астана қаласы әкімдігінің, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің және Қазақстандық гимнастика федерациясының қолдауымен өтеді. ЖАРЫСТЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ 📌 Өтетін күні: 22-25 наурыз 2024 ж. 📌 Өтетін орны: Астана қаласы, «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешені, Тұран 59 • 20-21 наурыз – командалардың келу күні • 22 наурыз – жарыстың ресми ашылуы және жарыстың 1 күні • 23 наурыз – жарыстың 2 күні • 24 наурыз – жарыстың финалы және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау күні

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button