Қоғам

Елордада ақылы тұрақ ақысы өсе ме

Елордада алдағы уақытта ақылы тұрақ ақысын өсіру жоспарда жоқ, деп хабарлайды astana-akshamy.kz қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

«Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 3 мамырдағы №108-863 қаулысымен бекітілген Астана қаласының аумағында автотұрақтарды (автоорынтұрақтарды) ұйымдастыру Қағидаларының 3-тарауына сәйкес, ақылы тұрақ қызметтеріне есеп айырысу тәртібі айқындалған. Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы №108-2602 «Астанада көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған орындарда тарифті белгілеу туралы» Қаулысына сәйкес көліктің 1 сағат тұрғаны үшін 100 (жүз) теңге мөлшерінде тариф айқындалды. Қазіргі уақытта тарифтің өзгеруі қарастырылмайды», – делінген басқарманың Kazinform агенттігінің сауалына жолдаған жауабында.

Сондай-ақ басқарма мамандары барлық ақылы тұрақтар заңды негізде, яғни Астана қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 31 мамырдағы №503-1959 «Астана қаласында көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған орындарды айқындау» бекітілген Қаулысына сәйкес белгіленгенін атап өтті.

Бұған дейін елордада биыл ақылы тұрақ ақысын төлемеген жүргізушілерге 2 млрд теңге айыппұл салынғанын жазған едік.

Ал, «Астана тұрақ кеңістігі» ақылы тұрақтардан бір жылда 800 млн теңге табыс тапқан.

Сондай-ақ Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Астанадағы ақылы тұрақтар мәселесін реттеу жолын айтқан еді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button