Ел тынысы

Астанада азаматтық қоғам секторын дамыту мәселелері талқыланды

ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыровтың төрағалығымен Астана қаласында министрлік жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара қарым-қатынас орнату жөнінде үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Отырыс барысында жергілікті атқарушы органдардың ҮЕҰ мен өзара қарым-қатынасы және өңірлерде азаматтық бастамаларды қолдау мәселелері талқыланды. Сонымен қоса Мәдениет және ақпарат министрлігінің, ӘМ, ДСМ, ЭГТРМ және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен Үйлестіру кеңесі мүшелері ҮЕҰ-дың 2027-2024 жылдарға арнап жоспарланған әлеуметтік жобалар тақырыптарын қарастырды. 2024 жылы 24 әлеуметтік жобаны жүзеге асыру жоспарланған, 2025 жылы – 97 жоба. Үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысы бойынша, ҮЕҰ мен мемлекеттік органдардың өзара қарым-қатынасын одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button