Ел тынысы

Елордада бокстан жастар мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтеді

Астанада бокстан жастар мен U-22 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Beeline Arena» спорт кешенінде өтетін құрлықтық дода 25 сәуірде басталып, 8 мамырға дейін жалғасады.

ҚР Бокс федерациясы мәлім еткендей, құрлықтық додаға Азияның 25 мемлекетінен 500-ден астам боксшы қатыспақ. Екі жас аралығында жігіттер және қыздар арасында өтетін бәсеке олимпиадалық жүйе бойынша ұйымдастырылады.

U-22 (2002-2005 ж.т. аралығы):

Жігіттер: – 46-48 келі, 51 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі. 63,5 келі, 67 келі, 71 келі, 75 келі, 80 келі, 86 келі, 92 келі, +92 келі.

Қыздар: – 45-48 келі, 50 келі, 52 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 63 келі, 66 келі, 70 келі, 75 келі, 81 келі, +81 келі.

Жастар (2006-2007 ж.т. аралығы):

Бозбалалар: – 46-48 келі, 51 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 63,5 келі, 67 келі, 71 келі, 75 келі, 80 келі, 86 келі, 92 келі, +92 келі.

Бойжеткендер: – 46-48 келі, 50 келі, 52 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 63 келі, 66 келі, 70 келі, 75 келі, 81 келі, +81 келі.

Жекпе-жектерді QAZSPORT телеарнасы көрсетеді деп күтілуде. Сондай-ақ Қазақстан бокс федерациясының youtube арнасында да тікелей көрсетілім ұйымдастырылады. Ал финалдық айқастар 7-8 мамырға жоспарланған. Көрермен үшін кіру тегін.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button