Жаңалықтар

Елордада ең жауапты салық төлеушілер марапатталды

Астана қаласының «Сарыарқа» ауданы әкімдігі ғимаратында адал салық төлеушілерді марапаттау салтанаты өтті.

налогоплатещики

Ләззат Дүйсембаева, Наталья Новак, «Қазақстан инжиниринг және жобаларды басқару» ЖШС, «АЛКОН+» фирмасы» ЖШС, «SST LIGHTING» ЖШС және «Азия-Лайн» ЖШС салықтық міндеттемелерін толық көлемде уақытылы орындаған және ҚР мемлекеттік бюджетіне елеулі үлес қосқан атқарушы кәсіпкерлер атанды.

– Еліміздің экономикасы күрделі жағдайға тап болды. Дегенмен, қала бюджетінің кіріс бөлігі бүгінде асыра орындалып отыр. 2015 жылдың қорытындысы бойынша бюджетке түскен түсімдер 39 млрд. теңгеге артық болды. Бұған елеулі үлес қосқан – сіздер, сіздердің бизнестеріңіз. Сіздерге табыс тілеймін, істеріңізді дамыту үшін заң шеңберінде қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ержан Тоқтарханов.

Конкурс алғаш рет өткізілді және бизнесті адал, айқын және сауатты жүргізуге тартуға, қоғам назарын Қазақстанның экономикалық өсіміне тікелей әсер ететін салық төлеушілердің қызметіне аударуға бағытталған.

– Үздік салық төлеушілердің қатарында болған жақсы. Біз алюминий және металпластик конструкцияларды дайындап, құрастырумен айналысамыз. Нарыққа 1998 жылы ендік. Біздің басты міндетіміз – жұмыскерлерге еңбекақы төлеуді және бюджетке төленетін салықтарды уақытылы төлеуді қамтамасыз ету. 18 жылдағы қызметімізде еңбекақы мен салық төлеуді кідірту деген бомағанын мақтанышпен айта аламын, – деді «АЛКОН+» фирмасы» ЖШС директоры Аман Аюпов.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, мұндай шаралар кәсіпкерлерді ынталандырып қана қоймай, ШОБ-тың басқа өкілдеріне жақсы мысал болады.

astana.gov.kz

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button