Қоғам

Елордада ер адамды атып кетті

Екі таныс адамның арасында кикілжің туындап, бірі екіншісін атып тастаған. Оқыс оқиғаны қалалық полиция департаменті растады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

– Адам өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды және қаруы тәркіленді. Алдын ала мәлімет бойынша, таныс адамдар арасында жанжал болған. Кейін бірі екіншісінің басына оқ атқан, – делінген хабарламада.

Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүріп жатыр.

– Жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз. Азаматтарды тек ресми дерек көзіне сенуге шақырамыз, – деп ескертеді елорданың полиция қызметі.

Еске сала кетсек, жыл басында елордада 19 жастағы жігіт атылып қалған еді.

Сондай-ақ туыстарын пышақтап тастаған Астана тұрғыны туралы жазған болатынбыз.

Айта кетейік, елордалық полицей жаттығу залынан шыққаннан кейін есінен танып, сол жерде қайтыс болды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button