Қоғам

Елордада есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

Елордада нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық штабтың кезекті жұмыс отырысы өтті. Оның барысында мемлекеттік органдардың өкілдері «Астана – есірткісіз қала» кешенді жоспарын орындау жөніндегі шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Сондай-ақ, жиынға қатысушылар проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдарын қарастырды.
-Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесіне қарсы күрес – еліміздің тұрақты дамуына қауіп төндіретін өзекті мәселелердің бірі. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелері қоғамның тұрақты дамуының шарттарының бірі болып табылады, оның маңызды құрамдас бөлігі – мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-әрекет жөніндегі жұмыс болып табылады, – деп атап өтті қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова.
Сондай-ақ кеңес барысында «Kazdream» компаниясының директоры Алишер Бекташ түрлі тақырыптар мен проблемалық мәселелер бойынша әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі әлеуметтанулық зерттеулердің онлайн сервисі – «AiMap» жобасын (Analytical Internet Map – аналитикалық интернет картасы) таныстырды. Бұл сервис есірткі бизнесінің ұйымдастырушылары мен қатысушыларын анықтауға бағытталған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button