Мәдениет

Елордада – ескерткіші

Бас қалаға көрік берген еңселі ескерткіштің бірі – ұлы ­жырау Жамбыл бабамыздың монументі. Ол көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшенов көшесінің бойында орналасқан. Бұл ескерткішті 2008 жылы астананың он жылдық мерейтойына Алматы облысы тарту еткен. Авторлары: мүсінші – Нұрлан Далбай мен архитектор – Қазбек Жарылғапов. Монументтің биіктігі – 12 м, тұғырдағы ақын мүсіні қоладан құйылған. Онда алып тұлғаның жас астанаға батасын беріп тұрған бейнесі айшықты бедерленген.

Бір ғасыр ғұмыр кешкен жыр алыбы жайында аузы дуалы тұлғаларымыздың айтқан парасатты пікірлері көп. Соның ішінде аса көрнекті жазушы Ғабит Мүсіреповтің: «Жамбыл дүниеге екі туып келген адам: тоғыз ай, тоғыз күнде ана құрсағынан туды, тоқсан жасқа келгенде заман құрсағынан тағы туды. Қазақтың Гомерін туғызу үшін заман тоқсан жыл толғатты. Бірінші туғанда – ана бесігінде өсті, екінші туғанда – Отан бесігінде өсті. Жамбылдың ақындық өнері мәңгі жарқырап жанып тұратын феникс құс секілді» деп айтқанынан тағылымды ой түйесіз.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button