Қоғам
Елордада гимнастикамен айналысатындар саны артты
Бүгінде елордада гимнастикамен айналысатын спортшылардың саны 4 мыңға жуықтады. Олардың қатарында 28 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 13 Қазақстан Республикасының спорт шебері және 146 спорт шеберлігіне кандидат бар, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Астана қалалық мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов Астана қаласы Гимнастикалық спорт түрлері федерациясының ұйымдастырған салтанатты шарада Құрметті Президент ретінде үздік спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, жыл қорытындысын бірге шығарды.
-Өткен жылы елордалық мәслихат депутаттарының қолдауының арқасында Астанада Көркем гимнастика орталығы ашылды. Жалпы ауданы 1000 шаршы метрден асатын және биіктігі шамамен 14 метр болатын бұл бірегей нысан Астананың спорттық инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадамға айналды. Алдағы уақытта федерациямыз амбициялық, бірақ жүзеге асырылатын жоспарларды іске асыруды көздеп отыр, – деді мәслихат төрағасы.