Ел тынысы

Елордада көкжөтел өршіп тұр

Елордада 8 вакцинамен басқарылатын инфекция түрлері тіркелді, деп хабарлайды https://astana-akshamy.kz

Олар – көкжөтел, қызылша, поратит, туберкулез, тұмау және тағы басқалар. Профилактикалық іс-шаралардың арқасында аталмыш көрсеткіш өткен жылғыға қарағанда төмендеген. Бұл туралы Астана қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова мәлім етті. Оның айтуынша, қызылша ауруының деңгейі төмендеуде, бірақ онымен қатар көкжөтелге қатысты «эпидемиологиялық қолайсыздық» байқалады.

«Тұмау бойынша сырқаттану алдыңғы жылмен салыстырғанда 22%-ға, ковид 9 есеге төмендеді. Ал қызылша -64, көкжөтел – 80 жағдайға, А вирусты гепатиті екі есеге дейін артты. Биылғы 2 айда қызылшаның 764 расталған жағдайы тіркелсе, оның ішінде 519-ы балалар арасында анықталып отыр. Олардың ішінде екпе алғандары 52 баланы, екпе алмағаны 501 баланы құрап отыр», – деді ол.

Сондай-ақ көкжөтелдің соңғы екі айда 80 жағдайы тіркелген. Олардың барлығы 14 жасқа дейінгі балалар, соның ішінде 60%-ы 4 жасқа дейінгі балалар болса, олардың 91%-ы вакцина алмағандар. Осындай инфекциялық аурулардың алдын-алу үшін бас санитариялық дәрігер ата-аналарды уақытында вакцина салуға шақырды.

«2023 жылғы қарашадан 2024 жылғы наурызға дейін Астанада 98 772 адам қызылшаға, көкжөтелге және А гепатитіне қарсы егілді. Бұл елордада вакцинациялауға жататын барлық адамдардың 81,6%-ы. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша инфекция ошақтарында 2 248 адам егілді», – деп хабарлады Сархат Бейсенова.

Жүргізіліп жатқан эпидемияға қарсы іс-шаралар нәтижесінде қызылша ауруы ақпан айында қаңтармен салыстырғанда 1,3 есе, ал 1-4 жастағы балалар арасында 1,7 есе төмендеген.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button