Ел тынысы

Астанада ЛРТ жобасын іске асыру бойынша кеңес өтті



Елордада ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Астана қаласы бойынша Департамент басшысының төрағалығымен құрылыс алаңдарында апаттар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында «ЛРТ желісі объектілерін салу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын сақтау» тақырыбында кеңес өткізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кеңес Астана қаласы әкімдігінің алаңында жергілікті атқарушы органдармен, city Transportation System (CTS) атынан және жобаның бас мердігері – «China Railway Asia – Europe Construction Investment Co., LTD» ЖШС филиалының өкілінің қатысуымен өтті.

Кеңес барысында қатысушылар өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын бақылауды күшейту жөніндегі шараларды талқылады. ЛРТ желісін салу кезінде авариялық жағдайларды, инциденттерді және өндірістік жарақат алу жағдайларын болдырмау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Комитет өкілдері барлық нормативтік талаптардың орындалуын бақылауды күшейтуді және олардың орындалуын қатаң қадағалауды қамтамасыз етуді ұсынды. Ұсынылған ұсыныстар қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге және жұмысшылар мен айналасындағылар үшін ықтимал қауіптердің алдын алуға бағытталған.

Комитет құрылыс нысандарында қауіпсіздік нормаларын сақтау бойынша тұрақты мониторингтің маңыздылығын атап өтіп, қабылданған шаралар тәуекелдерді едәуір төмендетуге және елордалық ЛРТ жобасына қатысатын барлық қызметкерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға көмектесетініне сенім білдірді. Осындай кездесулер мен талқылаулар болашақта туындайтын сын-тегеуріндерге жедел ден қою және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жоғары деңгейін ұстап тұру үшін жалғасатын болады.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button