Денсаулық

Елордада МӘМС нәтижесі қандай?

Астанада МӘМС жүйесі бойынша 2022 жылғы жұмыстар қорытындыланды. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров пен Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Берік Қайкенов арнайы брифингте журналистер сұрақтарына жауап берді.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалы арасында 118 медициналық қызмет жеткізушімен шарт жасалған, оның 81-і – жекеменшік клиникалар, 37-сі – мемлекеттік медицина ұйымдары, олардың 6-ы – рес­публикалық. Жыл өткен сайын тұрғын халыққа медициналық қызмет көрсететін жекеменшік қызмет жеткізушілер үлесі артуда. Бұл пациенттің үздік клиниканы таңдауына мүмкіндік береді. Медициналық қызмет жеткізушілер тізімін Қордың fms.kz сайтынан қарауға болады. Бүгінде Астана қаласындағы жекеменшік медициналық қызмет жеткізушілер үлесі 68,7%-ды құрайды.

Сатып алу жоспары бойынша 2022 жылы елордада  медициналық көмек көрсетуге: ТМККК аясында – 115,2 млрд теңге, МӘМС жүйе­сінде 107,0 млрд теңге бөлінген.

2022 жылдың 9 айында нақты орындалған медициналық қыз­меттер ТМККК аясында 83,7 млрд теңгені құрады, ал МӘМС жүйесі бойынша төлемге 82,8 млрд теңге қабылданды.

Ота және стационарда емдеу бойынша 2022 жылы елордада ота жасау көрсеткіші 3,6% өсті. Тек жоғары технологиялық медициналық көмек қолданысы арқылы МӘМС бойынша 17,04 млрд теңге сомасына қосымша 6130 қызмет көрсетілді.

«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында биыл Астана қаласына ЭКҰ-ға 514 квота бөлінді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Астана қаласы бойынша филиалы оңалту қызметтерін көрсететін 50 медицина ұйымымен келісімшарт жасаған. Олардың ішінде: жекеменшік – 25, мемлекеттік – 22, республикалық 3 медицина ұйымы бар.

2022 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша Астана қаласы бойынша 13 млрд 036 млн теңге сомасына 971 875 тегін рецепт бойынша 187 530 пациент тегін дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілді.

Қор халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторингті жалғастыруда. Астана қаласы бойынша 2022 жылдың 10 айында көрсетілген медициналық қызмет сапасы мен көлеміне жүргізілген түрлі мониторингтер бойынша 366 029 кемшілік анықталып, 1 млрд 737 млн 298 мың теңге медициналық ұйымдардан алынды.

Жыл басынан бері, 2022 жылдың 31 қазанындағы жағдай бойынша (01.01.2022-31.10.2022) Қордың Астана қаласы бойынша филиалының қызметкерлері 6237 өтініш қабылдап, қарастырды.

Егер емхана деңгейіндегі жағдайды шешу мүмкін болмаса, емделушілерде медициналық сақтандыру қорына кері байланыстың ресми арналары арқылы жүгіну мүмкіндігі бар:

– Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы

-@saqtandyrybot телеграмботы

-1406 байланыс орталығы

-Қордың fms.kz сайты

Қазіргі уақытта Астана қаласы тұрғындарының 82%-ы МӘМС жүйесінің қатысушылары болып табылады. 2022 жылдың 31 қазанындағы жағдай бойынша МӘМС жүйесіне қатысушылар саны 1 070 887 құрады.

2022 жылдың қаңтардан қарашаға дейінгі аралықта елордада міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін 54,059 млрд теңгеден астам қаражат аударылды. Оның 30,1 млрд теңгесі жұмыс берушілердің аударымдарына, ал 20,2 млрд теңгесі қызметкерлердің жарналарына тиесілі. Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) сомасы шамамен 108 млн теңгені құрайды, жеке кәсіпкерлердің жарналары 2,05 млрд теңгені, дербес төлеу­шілердің жарналары 469 млн теңгені, азаматтық-құқықтық шарт бойынша жұмыс істейтін қызметкерлердің жарналары 1,03 млрд теңгені құрайды.

«МӘМС жүйесі міндеттерінің бірі – халықтың медициналық көмекке, оның ішінде қымбат қызметтерге төлейтін шығынын азайту» дейді мамандар. Ендеше егер сақтандырылған болсаңыз, яғни ай сайын МӘМС-ке айлығыңыздан жарна төлеп отырсаңыз мына қызметтерді тегін пайдалана алатыныңызды ескере жүріңіз:

  • Аурудың алдын алу, белгілерін ерте анықтау үшін профилактикалық тексерулерден (скринингтерден) өту;
  • Көрсеткіштер бойынша КТ, МРТ, ПЭТ және т.б секілді қажет диагностикалық тексерулерден өту;
  • Салалық мамандардан кеңес ала алу;
  • ЭКҰ бағдарламасына қатысу;
  • Күндізгі немесе тәуліктік стационарда емделу;
  • Өз таңдауыңыз бойынша Медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасқан кез келген медициналық ұйымда операция жасату;
  • Медициналық оңалтудан өту;
  • Азаматтардың жекелеген санаттары үшін стоматология­лық көмек.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін түскен барлық жарна аударымдары, яғни жинақталған қаржы, сенімгерлік басқару туралы жасалған келісімшартқа сәйкес, Ұлттық банкте сақталады да, медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жасалып, тексерілгеннен кейін ғана Қор жеткізушілеріне төлем жүргізіледі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button