Uncategorized
Елордада Мемлекеттік органдардың қызметкерлері азаматтарды қабылдайды
22 қараша күні Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының ғимаратында “Заң керуені” акциясы өтеді. Іс-шара аясында прокуратура, полиция және қала әкімдігінің қызметкерлері азаматтарды жеке қабылдайды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
“Заң керуені” акциясы аясында Астана тұрғындары елорданың мемлекеттік органдарының уәкілетті тұлғаларына сұрақтар қоя алады.
Іс-шара 22 қараша күні сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін Момышұлы даңғылы, 5 мекенжайында орналасқан Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының ғимаратында өтеді.
Жеке қабылдау кезек тәртібімен жүргізіледі, өзімен бірге жеке куәлігі болуы қажет.