Руханият

Елордада «Мұқағали ғасыры» кітабы таныстырылды

 Бүгін Астанадағы №87 Абай Құнанбайұлы атындағы мектеп-гимназияда белгілі әдебиет сыншысы, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Амангелді Кеңшілікұлының «Мұқағали ғасыры» атты кітабы таныстырылды, деп хабарлайды аstana-akshamy.kz

9 ақпан – Қазақтың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ұйымдастырылған жиынға мектеп оқушылары мен ұстаздары, белгілі шығармашылық иелерімен бірге абайтанушы, Жазушылар одағының мүшесі Алмахан Мұхаметқалиқызы қатысты. Мектеп директоры Айгүл Оңдағанқызы кеш иесінің жаңа кітабының жарық көруімен құттықтап, жастарға тәлім-тәрбие беретін осындай кешті аталған білім ошағында өткізгеніне алғыс білдірді. Кітап авторы жаңа туындының өскелең ұрпаққа берер рухани азығы, ақынның шығармашылық өміріндегі жаңа қырлары туралы айтып берді.

Кітаптың тұсаукесер рәсімінде оқушылар Мұқағалидың сөзіне жазылған әндерді орындап, өлеңдерін жатқа оқыды және ақын өмірі мен шығармашылығына арналған шағын қойылым көрсетті. Оқушылар кітап авторына оның өмірі мен еңбектері туралы сұрақтар қойып, жауаптар алды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button