Әлеумет

Елордада неше шақырым жол жөнделеді

Осы жылы елордада 15 шақырымға жуық жол жаңадан салынып, 70 шақырым жол жөнделеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Астана әкімдігінің мәліметіне қарағанда, биыл елордада ұзындығы 14,7 км болатын 43 нысанның құрылысы жоспарланған. Сегіз жоба бойынша жұмыс толық көлемде аяқталады, 28 жоба жалғасады, тағы жетеуі басталады.

Оның ішінде:

– Қ. Қайсенов көшесі Бұқар жырау көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейін;

– Бұқар жырау көшесі Әл-Фараби даңғылынан Жошы хан көшесіне дейін;

– Рысқұлов көшесі Мәңгілік Ел даңғылынан Нұра-Есіл каналына дейін және басқа жолдар бар.

– Биыл қаланың жол инфрақұрылымын жақсарту бағдарламасы аясында 60-тан астам көшеде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл ретте жалпы ұзындығы 70 шақырымнан астам жол қамтылады. Жұмыстар жол жамылғысының сапасын қалпына келтіруге және жақсартуға, сонымен қатар жол қозғалысы қауіпсіздігі мен тұрғындар үшін жайлылықты арттыруға бағытталған, – делінген әкімдіктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Мәселен, 10 сәуірден бастап келесі көшелер бойынша жұмыстар басталды:

– Алаш тас жолы 69 көшеден 191 көшеге дейін;

– Қорғалжын тас жолы Тұран даңғылынан 128 көшеге дейін;

– Сығанақ көшесі Қабанбай батыр даңғылынан жол айрығына дейін (өткен жылы жұмыстар Ш. Айтматов көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде жүргізілген);

– сондай-ақ Жаңақоныс, Қарталы, Фахд бен Абдул Азиз, Герцен, Ш. Бөкеев және басқа да тұрғын алаптарындағы көшелер.

Еске салсақ, биыл Қазақстан аумағында 13 мың шақырым жолда жөндеу жұмыстары жүзеге асады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button