Қоғам
Елордада он алтыншы «Жайлы мектеп» ашылды

«Нұра» ауданындағы Е-535 көшесінде орналасқан №100 жаңа мектеп 2000 оқушыға арналған. Мектептің жалпы ауданы 23 мың шаршы метрді құрайды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Білім беру мекемесінде заманауи кабинеттер, 450 орындық акт залы, 130 адамға арналған асхана, физика, химия және биология зертханалары, сондай-ақ 4 спорт залы бар.
«Бұл мектеп өзінің материалдық-техникалық базасымен ерекшеленеді. Бүгінгі таңда мектепке 500-ге жуық оқушы қабылданды», — деді мектеп директорының міндетін атқарушы Мұрат Ахметов.