Қоғам

«Балалар кімге алғыс айтады»

Алғыс айту күніне арналған «Балалар кімге алғыс айтады» атты мерекелік шараға астаналық мектептердің оқушылары қатысуда. Балалар өздерінің видеороликтерінде ата-аналарына, ата-әжесіне, ұстаздарына, тәлімгерлеріне және достарына алғыстарын білдіреді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Алғыс айту күні астаналық мектеп оқушыларының бірі алдымен әжесіне алғыс айтты.

«Әжем маған көп жылу сыйлады, мені өсірді. Ол мен үшін ерекше жан. Әже, бәрі үшін рахмет, саған деген махаббатым шексіз», – деді астаналық оқушы.

Балалар да ұстаздарына ерекше құрмет көрсетті. Бұл күні жас хор мүшесі өзінің сүйікті саласында биік шыңдарды бағындыруға көмектескен вокалдық тәлімгеріне алғысын білдірді.

Осы атаулы күні мектеп оқушыларының бірі анасына алғысын білдірді.

«Анашым, мен сізді қатты жақсы көремін және менің анам болғаныңыз үшін рахмет», – деді ол.

Елордалық оқушылар да қиын сәтте көмекке келіп, адам өмірі үшін күресіп жүрген құтқарушыларға, дәрігерлерге, еріктілерге алғыстарын білдірді.

«Біз, «Жас сарбаз» тобының атынан Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлеріне, медицина қызметкерлеріне, еріктілерге, төтенше жағдай кезінде көмек қолын созғандардың барлығына алғыс айтамыз», – дейді астаналық оқушылар.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button