Ел тынысы

Елордада практикалық оқ атудан ҚР IPSC кубогы өтті

Астанада құқық қорғау органдары, әскерилер, арнайы жасақтар және азаматтық тұлғалар арасында практикалық оқ атудан Қазақстан Республикасының IPSC кубогы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жарысқа 170-тен астам адам қатысып, жеке сайыста І орынды Жедел қимылдайтын арнайы жасақ  арнайы мақсаттағы бөлімнің аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Дархан Жексембинов, жекелей сайыста ІІ орынды осы бөлім инспекторы, полиция капитаны Медет Слямғазин  иеленді.

MODIFIED Макаров тапаншасынан атуда 14 команда қатысып, бірінші орынды Астана қаласының ЖҚАЖ АМБ К-1 командасы иеленді. Команда құрамы К-1 кәсіптік қызмет және дене шынықтыру тобының аға инспекторы,  полиция капитаны Ерлан Базарбаев, аға инспектор, полиция майоры  Орынбасар Сенкебаев, аға инспектор, полиция капитаны Медет Слямгазин, аға инспектор, полиция лейтенанты Дархан Жексембинов құрамындағы команда алса, екінші орыннан Қостанай облысының ЖҚАЖ АМБ командасы, үшінші орыннан Петропавл қаласының осындай бөлім командасы көрінді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button