Жаңалықтар

Елордада құрма гүлдеді

Астана ботаникалық бағында алғаш рет құрма пальмасы гүлдеді. Ботаникалық бақтың жылыжай кешенінде пальма ағаштарының 8 түрі бар. Олардың барлығы 2018 жылы жылыжай кешенінің ашылуы кезінде отырғызылған.

[smartslider3 slider=989]

Ботаникалық бақ қызметкерлерінің мәліметінше, биыл адонидия, хамеропс және құрма сынды үш пальма ағашы гүлдеген. Бұл аталған өсімдіктердің бейімделу мезгілінен өтіп, жеміс беру мезгіліне  өткендігін түсіндіреді. Ботаникалық бақ 2018 жылы Астананың 20 жылдығы қарсаңында құрылған болатын. Онда фикус, лимон, драцена, апельсин, папоротник, пальма және т. б. тропикалық мемлекеттерден әкелінген 1100 өсімдік отырғызылған. Екінші климатронда 960 суккулент отырғызылған. Олардың арасында әлемде сирек кездесетін коллекциялық кактустар мен гибридтер бар.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button