Елорда тынысы
Елордада «Шаңырақ» атты жаңа мурал пайда болды

Сарыарқа ауданы Қарталы көшесі 5/1 мекенжайында «Шаңырақ» атты жаңа мурал пайда болды. Қазақ отбасы ұлттық киіммен өрнектелген бұл муралда салт-дәстүр мен ұрпақтар сабақтастығы, бірлігі бейнеленген, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Муралдың орталық элементі – шаңырақ, яғни қазақ үйдің жоғарғы бөлігі, тектілік, қарашаңырақ (үй) бейнеленген. Шаңырақ қазақ мәдениеті мен отбасылық құндылықтардың негізін білдіреді. Жанұя бейнесінің жоғарғы тұсындағы шаңырақтың суреті отбасылық тығыз байланысты, үйлесімділік пен ата-бабаларға деген құрметтің маңыздылығын еске салады.