Елорда тынысы

Елордада «Таза мектеп» челленджі басталды

Астанада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы жалғасып жатыр. Экоакция аясында Білім басқармасының ұйымдастыруымен елорда мектептерінде «Таза мектеп» челленджі басталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Аталмыш челлендж қаладағы Б.Сырттанұлы атындағы №34 орта мектептен бастау алды. Мұнда мектеп қызметкерлері жаңа оқу жылына дайындық ретінде тазалық жүргізді. Ал «Жасыл ел» жасағының волонтерлері мектеп ауласында ағаштарды суарып, қоқыстан тазартты.

Айта кетейік, биыл бұл екі қабатты білім ошағының ауласына 200 түп ағаш отырғызылды.

«Бұл іс-шараның мақсаты 2024-2025 жаңа оқу жылына ағымдағы жөндеу және тазалық жұмыстарын жандандыру. Бұл акция барлық мемлекеттік мектепте жүргізіледі.Оған мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысып, білім ошақтарының ауласын көгалдандыруға өз үлесін қосады», – деді Астана қаласы Білім басқармасының баспасөз хатшысы Аяжан Амантайқызы.

Білім басқармасы өкілінің айтуынша, бұл игі шара жаңа оқу жылы басталғанға дейін жалғасады.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button