Ел тынысы

Елордада тұңғыш рет халықаралық “Astana CUP” жарысы өтеді

22-25 наурыз аралығында Астанада 2013 жылы туған жасөспірімдер арасында футболдан тұңғыш рет халықаралық “Astana CUP” жарысы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жарысқа “Астана”, “Ақтөбе”, “Ақсу”, “Оқжетпес”, “Тараз” футбол командаларының жас өрендерімен бірге Мәскеулік “Спартак”, Ташкенттік “Бунедкор” және Бішкектің “Дордой” командалары қатысады. Іс-шараның мақсаты балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту, басқа мемлекеттердің белді футбол академиялармен қарым-қатынасты нығайту, талантты жас футболшылардың шеберліктерін арттыру. Халықаралық жарыс Астана қаласы әкімдігінің, Астана қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен, N8 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен жалауын көтереді.

Ұйымдастырушы; Еркебұлан Жомарт 87011854282

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button