Қоғам

Елордада туризм қалай дамуда?

Қазақстанда туризмді дамытудың негізгі үш бағыты бар, олар – оқиғалық, іскерлік және медициналық туризм. Жалпы, туризм көрсеткіштері үш жыл қатарынан тұрағы өсуде. Алдын ала белгілі болған деректер бойынша 2024 жылы туристер саны 2023 жылмен салыстырғанда 14% – ға артып, 1,5 млн. туристті құрады (резидент еместер 400 мың адам, резиденттер 1,1 млн. адам), деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Бұл көрсеткішті 2030 жылға қарай 3 млн туристке дейін ұлғайту жоспарлануда. 2024 жылдың 9 айында туристер саны 2023 жылмен салыстырғанда 12% – ға артып, 1,1 млн. адамды құрады. (резидент еместер 261,9 мың. адам, резиденттер 835,4 мың. адам). 2024 жылдың 9 айында орналастыру орындарында көрсетілген қызметтер көлемі 36% – ға артып, 46,1 млрд.теңгені құрады (2024 жылдың 9 айында 33,9 млрд. тг.).

Елордаға шетелдік туристердің негізгі ағымы Ресей, Қытай, Германия, Түркия, АҚШ, Ұлыбритания, Үндістан және Оңтүстік Корея сияқты елдерден байқалады. Бүгінгі таңда Астанада туристерге жайлы болуы үшін барлық қажетті инфрақұрылым құрылды, 100-ден астам туристік нысан бар (мұражайлар, театрлар, сарайлар, діни нысандар, спорт кешендері, СОО, саябақтар және т.б.). Қалада 9,9 мың нөмірге 286 қонақ үй жұмыс істейді (17,5 мың төсек / орын).

Былтыр 11 ай қорытындысы бойынша туризм саласындағы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 253 млрд. теңгені құрап, 3 есеге артты. MasterCard мәліметтері бойынша туристердің күніне орташа шығыны 230 долларды құрайды.

2024 жылы 785 іс-шара өткізілген, оның 70-тен астамы халықаралық іс-шаралар. 2025 жылы 1 200 іс-шара өткізу жоспарлануда, оның ішінде 100-ден астамы халықаралық. Конференциялар, форумдар, көрмелер және басқа да ірі іскерлік іс-шараларды тарту есебінен Астанаға туристер ағынын ұлғайту жоспарлануда.

Бүгінгі таңда Астана халықаралық конкурстарға белсенді қатысып, халықаралық конгрестер мен конференциялар қауымдастығы (ICCA) арқылы ірі MICE іс-шараларын өткізу құқығын жеңіп алды. 2016 жылдан бастап қала бірқатар маңызды оқиғалардың алаңына айналды: 2016 жылдан бастап 48 іс-шара. Bizz Awards-200 қатысушы. Топырақ механикасы және геотехника бойынша 17-ші Азия Аймақтық конференциясы – 600 қатысушы. INQAAHE-275 қатысушы. Студенттік кәсіпкерлік бойынша энактус әлем кубогы – 2500 қатысушы.

Елімізде 9 медициналық ұйым JCI халықаралық аккредиттеу комиссиясымен сертификатталған, ол медициналық қызметтер сапасының алтын стандарты ретінде танылады, олардың 7-і Астанада орналасқан. Елорданың медициналық туризмін дамыту аясындағы жоспарлы жұмыс мыналарды қамтиды: медициналық контент құру, YouTube арнасында қаланың клиникалары мен дәрігерлері туралы имидждік хабарлар шығару; Нысаналы елдерде Астана қаласының дәрігерлерімен көшпелі алғашқы медициналық консультациялар өткізу; Медициналық туристік базалық пакеттерді қалыптастыру; Клиникалар мен туроператорлар арасында серіктестік және бірлескен бағдарламалар құру.

Ресей, Өзбекстан, Беларусь, Қытай және БАӘ сияқты Астана үшін медициналық туризмнің нысаналы елдері анықталды. 2025 жылы медициналық туристер саны 8 000 адамға дейін жетеді деп жоспарлануда (2024 ж. – 4 500 адам). 2025 жылы жастарды дамытуға және бүкіл Қазақстан бойынша балалар мен оқушылардың әлеуметтік интеграциясын қолдауға бағытталған екі әлеуметтік жобаны іске асыруды жалғастыру ұсынылады.

«Астана – менің отанымның елордасы» жобасы аясында Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген халықтың әлеуметтік осал топтарының балалары үшін 3 күндік турлар ұйымдастырылады. Басты мақсат – балаларды Елордамыздың мәдениеті мен тарихымен таныстыру, сондай-ақ еліміздің дамуына өзінің қатысуын сезінуге мүмкіндік беру.

Кәсіптік бағдар беру бағдарламасы аясында 2025 жылы 7-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1 курс студенттері үшін 12 200-ден астам экскурсиялық турлар ұйымдастыру жоспарлануда. Экскурсиялар оқушыларды кәсіпорындар мен жоғары оқу орындарындағы нақты еңбек жағдайларымен таныстыру мақсатында, сондай-ақ олар еңбек нарығының нақты қажеттіліктерін ескере отырып, болашақ мамандықты таңдай алуы үшін ұйымдастырылған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button