Ел тынысы

Елордада «Ұрпақ. Құндылық. Әлем» тақырыбында қалалық семинар өтті


Бүгін Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасы аясында Әлихан Бөкейханов атындағы №76 мектеп-лицейінде «Ұрпақ. Құндылық. Әлем» тақырыбында қалалық семинар өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шара барысында бастауыш, орта буыннан құрылған «Жас орда», «Әдемі-ай» тобы «Ерке сылқым», «Адай», «Әке толғауы», «Түркімен», «Балбырауын», «Көк ту» күйлерімен және «Қазақтай ел қайда?», «Қалқатай дауысы», «Беу, айдай» әндерімен қарсы алды. Мектеп мұражайында «Әлихан және рухани серпін» тақырыбында қонақтарға таныстыру жұмысы жүргізіліп, «Fab Lab» дәлізінде «Қолөнер арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу» жұмысымен жалғасын тапты.

Мектептің әр блогында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында құндылықтарға бағытталған көрмелер ұйымдастырылған. Екінші қабатта №76 мектеп-лицейінің ата-анасы Аңсаған Мұстафаның сурет көрмесімен ұласты. Семинардың ашылу салтанатын Республикалық әншілер байқауларының лауреаты, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Шалқар радиосының аға редакторы, әнші, журналист Базарбек Жасұлан Наурызбайұлы семинар тізгінін алып жүргізіп отырса, «Қара шаңырақ «ҚБ директоры, этнология магистрі, ҚР журналистер одағының мүшесі, қоғам қайраткері Шәкен Тұрар Сәттарқызы, Оңтүстік Кореяның суретшілер одағының мүшесі, Аңсаған Мұстафа келіп рух сабағын жүргізді.

Семинар бағдарламасында құндылыққа негізделген 21 сабақ және 6 танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Құндылыққа бағытталған шебер сабақтар, кіріктірілген сабақтар, эко-үстел ойыны, этно ұлттық сайыс, өнеге сағаттары, КВЕСТ ойындары, «8 минуттық оқу», «Оқуға құштар» жобасы бойынша сабақтар және Қазақстанның батыс, шығыс, оңтүстік, ұлт ұясы Ұлытау өңірлерінен тікелей телемост жүргізілді.

Семинарға қала мектептерінің 95-ке жуық оқу орынбасарлары, сынып жетекшілері, пән мұғалімдері және сынып жетекшілері қатысты. Соңында «Жас сарбаздар» клубының «Міндет. Абырой. Ерлік» патриоттық шарасымен және ұжымдық «Алаш туы, «Қазақ» патриоттық әндерімен аяқталды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button