Жаңалықтар

Елордада ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік қамтамасыз етіледі

c6625a5ff579b27353a490d3a06

Астана қаласы әкімінің орынбасары А. Лукиннің төрағалығымен қала аумағындағы ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті. Кездесуге сауда объектілерінің басшылары, мал сою пунктерінің, ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларының директорлары қатысты.

Кеңес барысында ел аумағында қалыптасқан жалпы эпизоотологиялық ахуал сөз болды.

Ішкі сауда объектілеріне мал шаруашылығы өнімдерін сауда объектісінен тыс сатпау және ветеринариялық ережелерді қатаң сақтау тапсырылды.

Айта кетейік, елордадағы 14 базардың әрқайсысында мал шаруашылығы өнімдеріне сараптама жүргізетін ветеринариялық зертхана жұмыс істейді.

Сондай-ақ, сауда орындарында, мамандандырылған орындарда (ет дүкені, супермаркеттердегі ет бөлімдері, минимаркеттері, қоғамдық тамақтандыру орындары) ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау бойынша мониторинг жүргізілмек. Сонымен қатар, Жергілікті полиция қызметкерлері бекеттерде бақылауды күшейтеді және қажет болған жағдайда, ветеринариялық бақылау қызметкерлерімен бірлесіп тәртіп бұзушыларға қатысты қатаң шаралар қолданатын болады.

Бұл жағдай мемлекеттік органдардың жүйелі бақылауына алынды.

 

astana.gov.kz

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button