Басты ақпарат

Елордада жаңа көпір ашылды

Ұлы дала даңғылы бойынан ашылған жаңа көпірдің ұзындығы – 263,22 метр, ені – 51,4 метр. Әрбір қозғалыс бағытының жүріс бөлігінде ені 3,75 метр үш жолақ және ені 4 метр бір жолақ бар. Жолдың сыртқы жағында 1,5 метрден қауіпсіздік жолақтары салынған.

[smartslider3 slider=3673]

«Ұлы дала даңғылының бойындағы көпір Мәңгілік ел даңғылы, А.Байтұрсынов, Р.Қошқарбаев, Ж.Нәжімеденов көшелері, Nova city ауданы, «Мыңжылдық» аллеясындағы жүктемені ішінара төмендетуге мүмкіндік береді, «Нұрлы жол» вокзалына, Тельман және Промышленный тұрғын алабына, «Метро» гипермаркеті аумағына, Жұмабаев даңғылына, Жүргенов көшесіне бару жеңілдейді» деп хабарлады ­Нұр-Сұлтан қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының баспасөз қызметі.

Алдағы жылы елорданың Тәуелсіздік даңғылы бойымен Есіл өзені арқылы өтетін тағы бір автокөлік көпірін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button