Елорда тынысы

Елордада жаңа мешіт ашылды

Аl-Fattah аталатын жаңа мешіттің ашылу салтанатына ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты.

М.Нәрікбаев пен Әйтеке би көшелерінің қиылысында орналасқан мешіттің ашылуына діни мекемелер өкілдері мен қала тұрғындары келді.

Бас мүфти Астана қаласында ашылған жаңа мешіт имандылық тәрбиесіне үлес қосатын рухани ордаға, мейірімділік мекеніне, мәдени орталыққа айналатынына сенім білдірді. «Әзірет Сұлтан» мешітінің азаншысы Қайнар Базархан құран оқыды. Қазақ­стан мұсылмандары діни бірлестігі атынан мешіт тұрғызған азаматтарға алғыс жарияланды.

Салтанатты ашылу рәсімінен кейін жиналған жұртшылық жұма намазына қатысты.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button