Қоғам
Елордада жатақханадан өрт шығып, бес адам уланды
Бүгін таңда Байқоңыр ауданы Тараз көшесінде орналасқан жатақханалардың бірінде бөлмелер мен ғимараттың шатыры жанды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде шатыр мен 3 және 4-қабаттағы бөлмелер жанып жатты. ТЖМ күштері баспалдақтың көмегімен 3-қабаттан 6 адамды құтқарды. Алдын ала мәліметтер бойынша түтіннен уланған 5 адам жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
«Өртті сөндіру жұмыстарын ғимараттың жан жағындағы өтетін жолдарда автокөліктердің тұруы қиындатты. Өрт 850 шаршы метр алаңда сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда», – делінген хабарламада.