Қоғам

Елордада жеке сот орындаушылары тікелей эфирлер өткізеді

Астана тұрғындары мен қонақтары үшін апта сайын жеке сот орындаушыларының қатысуымен тікелей эфирлер өткізіледі, деп хабарлайды 

Тікелей эфирді елордалық Әділет департаменті ұйымдастырады.

«Апта сайын бейсенбі күндері сағат 11.00-ден 12.00-ге дейін Астана қаласының жеке сот орындаушыларының қатысуымен тікелей эфирлер өткізілетін болады. Мұндай кездесулердің мақсаты – атқарушылы іс жүргізудің өзекті мәселелерін жариялау және жеке сот орындаушылары институтының имиджін арттыру», – деді Астана қаласы Әділет департаменті сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің басшысы Аян Қоңырбасов.

Тікелей эфир Астана қаласының Әділет департаментінің Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунтында өтеді.

Елорда тұрғындары үшін бұл – қызықты сұрақтар қоюға, түсініктеме алуға және сот орындаушыларының қызметімен жақынырақ танысуға зор мүмкіндік.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button