Елорда тынысы

Елордада жол қозғалысын Ekin Patrol G2 қадағалайды

Астана көшелеріне Ekin Patrol G2 мобильді аппараттық-бағдарламалық кешенімен жабдықталған бес экипаж шықты. Олар қала жолдарында патрульдейтін болады. Басты мақсат – елорда жолдарындағы жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Астана қаласы ПД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бағдарламалық кешен қарама-қарсы бағытта және бір бағытта қозғалатын автомобильдердің жылдамдық режимінің бұзылуын тіркей алады.
«Сондай-ақ, 360 градусты шолатын панорамалық бақылау арқылы іздеуде жүрген көлік құралдарын тануға болады. Бұл мүмкіндік күдікті көліктерді жедел ұстауға көмек етеді», – делінген хабарламада.
Кешеннің ұтқырлығы мен көпфункционалдылығы есебінен полицейлер көше учаскелерінде жылдамдық режимін бұзушыларды стационарлық бақылау камераларынсыз тіркеуді жоспарлап отыр.
«Жалпы, енгізіліп жатқан іс-шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді бақылауға мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button