Қоғам

Елордада жолаушылар автобусы бетонға соғылды

Жол апаты Қабанбай батыр даңғылы мен Хусейн бен Талал көшесінің қиылысында «Ниссан» жеңіл көлігі мен жолаушылар автобусының соқтығысуынан туындаған, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

– «Ниссан» жүргізушісі көшеден солға бұрылып жатқанда автобусты соқты, салдарынан қоғамдық көлік бетонға соғылды. Апаттың кесірінен зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді, – делінген қалалық полиция департаменті таратқан хабарламада.

Ізін суытпай жол апатына қатысты тергеу амалдары басталды.

Бұған дейін Астанада СОБР қызметкерлеріне шабуыл жасалғанын хабарлаған едік.

Айта кетейік, кешеден бері Астанада боран, қалың қар мен қатты жел қаланың мазасын қашырып тұр.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button