Елордада ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық ахуал қандай?
Соңғы аптада немесе 2024 жылдың 26 желтоқсаннан бастап 2025 жылы 1 қаңтарға дейін елордада 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 333.5 болатын жіті респираторлық вирустық инфекциялардың 4863 жағдайы тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 10% жоғары. Яғни, өткен жылы ЖРВИ – дың 4024 жағдайы тіркелді, көрсеткіш-300,28, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Астана қалалық Санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаменті директорының орынбасары Жанна Пірәлиеваның айтуынша, мониторингке сәйкес эпидемиялық маусымның басынан бастап жалпы қала бойынша А тұмауы вирусының (А типті(H1N1) pdm09 – 143 сынама немесе зерттелген сынамалар санының 18% және 1 сынама – А типті вирус(H3N2) айналымы анықталды. Тексерілген науқастарда Covid-19 вирусы анықталмады.
Тұмаусыз вирустардың ішінде риновирус 13% басым рөл атқарады, аз дәрежеде риносинтициальды вирус-8%, бокавирус-2%, адам коронавирусы-3%, аденовирус-2%, парагрипп-1%, метапневмовирус–1% және аз емес үлесті бір науқаста екі немесе үш вирусы бар науқастар құрайды.
Метапневмовирус-бұл көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда таралатын классикалық вирустардың бірі, инфекциялардың басқа түрлерімен қатар, олар ЖРВИ және тұмау ауруларының маусымдық өсуі кезінде кеңістікте белсенді айналымда болады, негізінен ауа-тамшы жолымен беріледі.
– Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықты алдын алу шараларын сақтауға және адамдар көп жиналатын жерлерде қарым-қатынасты шектеуге шақырады, бұл әсіресе созылмалы аурулары бар халықтың неғұрлым осал топтарына қатысты. Үй-жайларды үнемі желдетіп отыру, науқас адамдармен байланысын шектеу, оларды оқшаулауды қамтамасыз ету, тұмау және ЖРВИ белгілері пайда болған кезде балаларды үйде қалдыру және ұйымдасқан ұжымдарға (мектепке дейінгі ұйымдар, мектеп) жібермеу. Егер аурудың белгілері пайда болса, уақтылы медициналық көмекке жүгініңіз, – дейді Ж. Пірәлиева.