Елордадағы алаң қола мүсіндермен безендірілді
“Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы Көлік қызметкерлері күніне және Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай “Мәңгілік Ел” Салтанат қақпасы жанында орналасқан елордалық “Теміржолшылар алаңын” болат магистраль мамандықтарын бейнелейтін мүсіндер сериясымен безендірді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Ашылу салтанаты сала ардагерлері мен “ҚТЖ” ҰК” АҚ басшылығы өкілдерінің қатысуымен өтті. Әрбір мүсін кез-келген кәсіптегі ең бастысы — еңбек адамы екенін паш етеді. Белгіленген композицияда жолсеріктің, машинистің және жолшының шағын архитектуралық формалары ұсынылған.
Сәулет пішіндерінің авторы — белгілі мүсінші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұрат Мансұров.
Көріністер теміржол магистралінің қуатты күшінің белгісі — ел экономикасының берік тірегі ретінде қоладан жасалғаны маңызды.