Әлеумет

Астанадағы емханаларда Face ID жүйесі енгізілді

Астанадағы емханаларда биометриялық тексеріс жүйесі жұмыс істейді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Нақтырақ айтсақ, учаскелік дәрігер қабылдауына келген әр науқастың тұлғасы Face ID көмегімен расталып, нақты қабылдауда болғандығы туралы ақпарат тіркеледі.

Тамыз айының аяғынан бастап, ең алғаш рет біздің орталыққа Face ID енгізді. Оның көмегімен біз науқас нақты түрде қабылдауда болды ма, болмады ма, соны анықтайды. Face ID бар болғандықтан, науқас мен қабылдауда болғаным жоқ деп айта алмайды. Бұл «приписка» деп. Өйткені суретке түсіріледі. Суретке түсіріп, расталғаннан кейін «запись» түсіріледі, – дейді Республикалық алғашқы көмек көрсету орталығы профилактика бөлімінің меңгерушісі Жансая Қалилаева.

Жоба пилоттық режимде іске қосылған. Тамыздан бастап 2024 жылдың соңына дейін елордалық 48 емханада жұмыс істеп тұр. Денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылдан бастап республиканың барлық емханаларына дендеп енгізбек.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button