Жаңалықтар

Елордаға айына қанша қан қажет?

Соңғы жылдары Қазақстанда, әсіресе елордада қан донорлығы белсенді дами бастады. Мәселен, 2020 жылы Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығына күніне 90-ға жуық донация жүргізілсе, биыл 120-ға жуық донация жасалды.

[smartslider3 slider=1619]

Орталық мамандарының айтуынша, қанның тұрақты түрде жеткізіліп тұруына үнемі қажеттілік бар, өйткені оны шектеулі уақытқа ғана сақтауға болады. Қауіпсіз қан әрдайым және қажет болған жағдайда қолжетімді болуы үшін сау адамдар бұл орталыққа үнемі қан тапсыруы керек – бұл күн сайын шамамен 120-150 донор деген сөз.

Былтыр пандемияға байланысты донорлық белсенділік бәсеңдеген. Мәселен, карантинге дейін аталған орталыққа күніне 100-120 донор келсе, 2020 жылы бұл көрсеткіш күніне 80 донорға дейін төмендеді. Дегенмен осы жылдың өзінде ауруханалар штаттық жұмыс режиміне қайта оралды, ал донорлардың саны күн сайын кемінде 150 адам болуы қажет. Мамандар қан донорлығын насихаттауда көмектесе алатын барлық қамқор жандар мен ұйымдардың көмегін қуана қабылдайды. Өйткені мұнда қан қоры үнемі және тұрақты түрде толықтырылуы керек, сондықтан қан орталығы әрдайым белгіленген режимде, демалыссыз және 8:30-дан 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Карантин немесе осыған ұқсас жағдайлар кезінде донорлықты естен шығармаңыз. Қан онкологиялық науқастарға, оның ішінде балаларға, сондай-ақ жарақат алған науқастарға, босанған әйелдерге және басқаларға қажет. Орталықта коронавирустың алдын алу және қорғаудың барлық шаралары сақталған, сондықтан донорлардың денсаулығына қауіп төнбейді.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button