Жаңалықтар

Елордалар ендігі. 16-17 қазан

АСТАНА. Астанадағы корей мәдени орта­лығында Кореяның туристік мүмкіншілігі таныстырылды. Кездесу Корея Респуб­ликасының Ұлттық туристік ұйымының қолдауымен өткізілді. Ұйымның Дубайдағы өкілдігінің басшысы Ли Джин Хёктің айтуынша, өткен жылы Кореяға 11 мың қазақстандық сапарлаған. Ал, биыл Қазақстаннан келетін саяхатшылар саны 13 мың адамнан асуы мүмкін.

 

 

КАБУЛ. Ауғанстанда Құрбан айт мейрамында мешітте жарылыс болып, Логар өлкесінің губернаторы Арсала Джамал қаза тапты. Өңір басшысы жиналған қауым алдында сөз сөйлеуі кезінде үстел астына жасырылған бомба іске қосылған. Жарылыс салдарынан 15 адам жарақат алды.

 

 

МАНИЛА. Филиппиннің орталық бөлігінде жер сілкінісі болды. Опат болғандар саны 100 адамнан асты. Бұл осы өңірдегі соңғы 23 жылда қайталанған 7,2 балдық күші бар алғашқы жер сілкінісі. Апат үш аралдағы аудандардың электр және байланыс желілеріне зиян келтірді.

 

 

 

 

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button