Елордалар ендігі
Париж. Маусым айында сауда тепе-теңдігінің теңгерімсіздігі 5,71 млрд евродан 4,44 млрд евроға төмендеді. Бұл туралы Францияның Кедендік басқармасы мәлімдеп отыр. Сауда тепе-теңдігінің бұлайша өзгеруі – елдегі импорттың 40,61 млрд евроға дейін құлдырауына байланысты.
Дамаск. Сирия президенті Башар Асад өз елінің аумағында шет ел валюталарын пайдалану мен қаржылық операцияларды жүзеге асыруға тыйым салды. Қаржылық төлемдер мен транзакциялық аударымдар, өзге де есеп-қисаптар Сирия елінде бұдан былай ұлттық валюта болып табылатын фунт түрінде іске асырылатын болды.
Афина. 2014-2015 жылдары Грекияға қаржылай көмек ретінде тағы 11 млрд еуро қажет болады, деп хабарлайды BBC. Еуропа елдерінің орталық банктері Грекияның жаңа мемлекеттік облигацияларын сатып алудан бас тартқаннан кейін ақша жетіспеушілігі байқалуда.
Гүлмира Аймағанбет