Қала мен Сала

Елордалар ендігі 21-22 қазан

АСТАНА. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Мұнай-газ кеңесінің отырысын өткізді. Онда мұнай-газ саласын одан әрі дамытудың, оны жаңғырту мен әртараптандырудың өзекті мәселелері қа­ралды. Елбасы еншілес компаниялар арасында функциялардың қайталануын жойып, корпоративтік басқарудың халықаралық стандарттарына сәйкестендіру мақ­сатында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның құрылымын жетілдіру қажеттігін атап өтті.

 

ЛИССАБОН. Португалия үкіметінің ел экономикасына байланысты іске асырмақ болған іс-шараларына наразылық білдірілуде. Бұдан бұрын билік орындары бюджет жетіспеушілігіне орай шығынды 3,2 млрд еуроға кемітетіндігін хабарлаған болатын. Қаржы министрлігі айына 600 еуродан жоғары жалақы алатын мемлекеттік қызметкерлердің айлығы 2,5 пайызға азаятынын мәлім еткен еді.

 

ЛОНДОН. Ұлыбританияның Стоук-он-Трент елді мекеніндегі әулие Петр атындағы католик шіркеуі жергілікті мұсылмандарға сатылды. Бирмингемдік католиктердің өкілі епархияда 250 мың адамның тізімі барын жеткізді. Алайда, әулие Петр шіркеуіне келетіндердің қатары күрт кеміген соң, ашық сауда кезінде ең жоғары баға ұсынған мұсылмандарға сатуға мәжбүр болған.

 

РИМ. Милан қаласының соты Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлусконидің алдағы екі жылда мемлекеттік қызмет атқаруына тыйым салды. Сот оны салыққа қатысты алаяқтығы үшін айыпты деп танып, осындай шешім шығарған. Бірақ Берлускони қазір сенат мүшесі болғандықтан, сот шешімі күшіне дереу енбейді. Ол үшін әуелі парламент сенаты оны өз қатарынан шығару туралы мәселені дауысқа  салып, тиісті шешім қабылдауы тиіс.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button