Жаңалықтар

Елордалар ендігі. 7-8 қазан

АСТАНА. Каспий теңiзiнде бекiре тұқымдас балықтарды аулауға бес жақты мораторий енгiзілмек.
Бекiре тұқымдас балықтардың түрiн сақтау – ең маңызды экологиялық мәселелердің бiрi. Өйткені, бүгінгі күнi Жайық өзенi бекiре тұқымдас балықтардың уылдырық шашатын табиғи жерлерi сақталып қалған жалғыз өзен болып табылады.

 

 

БЕРЛИН. Бремен және Гамбург қалаларынан кейін Төменгі Саксония жері де исламды ресми дін ретінде жариялады.
Ислам ресми мойындалған соң имамдарға түрме, аурухана, мектеп секілді мекемелерде діни қызмет жүргізуге, сондай-ақ, қалада мұсылмандардың өз алдына бөлек жерлеу қорымын ашуға мүмкіндік береді.

 

 

СТОКГОЛЬМ. Швеция астанасында Нобель апталығы басталды. Онда физиология және медицина, физика және химия, бейбітшілік және экономика саласынан Нобель сыйлығын алуға лайықтылардың есімдері белгілі болады.
Нобель апталығының алғашқы үш күні жаратылыстану ғылымдарына арналмақ.

 

 

ЭР-РИЯД. Сауд Арабиясында әйелдерге тарихта алғаш рет адвокат болып қызмет істеуге рұқсат берілді. Осы елдегі нәзік жандардың бірі ғаламторда адвокаттық лицензиясы көрсетілген суретті жариялап та үлгерді.Осы кезге дейін Сауд Арабиясында әйелдерге тек заңды кеңесші ретінде ғана жұмыс істеуге рұқсат етілген еді.

 

 

 

 

Дайындаған Таңатар ТӨЛЕУҒАЛИЕВ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button