Жаңалықтар

Елордалар ендігі

Астана. Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Орталық-Оңтүстік», «Орталық-Шығыс» бағыттары бойынша жолдарды жөндеу жұмыстары ағымдағы жылы қолға алынды. Құрылыс жұмыстары 2 шілде күні Астана-Теміртау және Астана-Павлодар бағыттарында басталды.

Киев. Әйгілі боксшы, «УДАР» партиясының көшбасшысы Виталий Кличко 2015 жылғы президенттік сайлауға қатысады. Бұл туралы Львовта ашылған Бүкіләлемдік конгресте спортшының сөйлеген сөзіне сілтеме жасап, «утро. ру» хабарлайды. «Түпкілікті шешім қабылдамас бұрын мен әуелі қоғаммен ақылдасып алуым керек» депті Кличко.

Таллин. Эстонияда Иванов, Петров, Сидоров сынды тым көбейіп кеткен фамилия­ларды алуға әлі де тыйым салынады. Онда арнайы рұқсатсыз алуға болмайтын тектер тізімі жаңартылды. Бұндай шешімді Эстонияның аймақтар ісі жөніндегі министрі Сийм-Валмар Кийслер қабылдады. Жалпы тізімге 222 фамилия кірген.

Хараре. Роберт Мугабе жетінші рет Зимбабве президенті лауазымына қайта кірісті. 89 жастағы ол шілдеде өткен кезекті президенттік сайлауда жеңіске жеткен еді. Зимбабвелік көшбасшының қарсыластары сайлау нәтижелері жалған болды дегенді алға тартуда. Өз кезегінде бұл елдің саясат ардагері сыншыларға сайлау нәтижесімен келісу керек екенін атап өткен. Айта кетейік, Мугабе Зимбабвені 1980 жылдан бері басқарып келеді.

Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button