Жаңалықтар

ЕЛОРДАЛАР ЕНДІГІ

АСТАНА. Елордада негізгі емханалық бағыттарды дамыту үшін шетелдік мамандарды тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ менторлық жөніндегі жобаны жүзеге асыру аясында қазақстандық дәрігерлер дәріс тыңдады. Іс-шара менторлық институтты енгізу арқылы медицина кадрларының кәсіби деңгейін арттыру және одан әрі дамыту мақсатымен өткізіледі.
Лондон. Кембридж ханшайымы Кейт Мидлтон британ корольдігі мұрагерін тәрбиелеуде бала күтушісінің көмегіне жүгінбейді. Ханшайым ханзаданы тәрбиелеуге оның ата-анасы көмектесетінін мәлімдеді. Немерелеріне жақын болу үшін олар Уильям мен Кейттің Кенсингтон сарайына көшіп келмек.
Бейжің. Есірткі саудасымен күрес аясындағы операция барысында полиция Гуандун провинциясында, сондай-ақ, Ганконг пен Макаода 1,8 мыңнан астам адамды тұтқындады. ВВС-дің жазуынша, операцияны өткізу кезінде полиция қызметкерлері 2,5 мың нысанды тексерген екен. Олардың ішінде түнгі клубтар мен массаж салондары бар. Осы орайда құқық қорғау органдары 5 млн АҚШ долларына бағаланған есірткі мен заңсыз өнімдерді тәркіледі. Қамауға алынғандардың ең жасы – 12-де, ал ең үлкені 95 жаста көрінеді.
Вашингтон. АҚШ-тың Вирджиния штатында алғаш рет бұқалармен бірге жүгіру жарысы өтті. Бұл сайыс Испанияның Памплона фестивалінің америкалық нұсқасы болып табылады. Осы қызықты тамашалауға 5 мыңнан астам көрермен жиналған.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button