Жаңалықтар

Елордалар ендігі

АСТАНА.

Қала қонақтары мен тұрғындары ХХ-ХХІ ғ. Ресейдің бірінші ханымдарының өмірлерімен жақынырақ таныса алады. ҚР Тұңғыш Президентінің музейінде 18 қыркүйекте «ХХ-ХХІ ғасырдағы Ресейдің бірінші ханымдары» көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.
Көрменің басты кейіпкер-тұлғалары: патшайым Александра Романова, Надежда Крупская, Надежда Аллилуева, Нина Кухарчук-Хрущёва, Виктория Брежнева, Татьяна Андропова, Анна Черненко, Раиса Горбачёва, Наина Ельцина, Людмила Путина және Светлана Медведева.

БЕЙЖІҢ.

Гонконгтық 4 сәулетші 7 мың өңделген бөтелкеден алып шам құрастырды.
Айдың толу мерекесіне орай жасалған құрылыстың биіктігі 10 метр болса, диаметрі 20 метрді құрады. Судың ортасында орналасқан бұл алып нысанның ішіне бір уақытта 100 адам кіре алады. Құрылыс материалы ретінде 7000 бөтелкенің қолданылуы кездейсоқ емес. Құрастырушылардың айтуынша, Гонконг тұрғындары әрбір жарты сағат сайын осындай көлемдегі суды тұтынады екен.

ДАМАСК.

Сирия президенттерінің резиденциясын жапондық сәулетші Кендзо Танге жобалаған.
Елдегі Сирия президентінің қазіргі резиденциясы 1980-жылдардың соңында бес жыл ішінде салынды. Қазір ол Башар Асадтың иелігінде, ол кезде салдырған оның әкесі – Хафез Асад болатын, ол елді 2000 жылға дейін басқарды.

ТОКИО.

Жапонияның оңтүстік шығысындағы «Ои» АЭС-інде соңғы ядролық реактор жұмысын тоқтатады.
Реакторға иелік ететін энергетикалық компания 2011 жылы апатқа ұшыраған «Фукусима» АЭС-індегі 50 реактордың ең соңғысы тоқтатылатынын хабарлады. АЭС-тегі апат жер сілкінісі кесірінен болған. Күшті цунамидің толқыны электр стансасын қиратып, мыңдаған тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген еді. Табиғи апаттан 16 мың адам көз жұмған.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button