Жаңалықтар

Елордалық 60-тан астам полиция қызметкері адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін қан тапсырды

1

Елордалық Ішкі істер департаменті бөлімдерінде жылжымалы қан алу станциясы жұмыс істеді. Бүгін астаналық полицейлер түрлі апаттарда зардап шегіп, ауыр жарақат алғандарға және күрделі ота кезінде көмек көрсету мақсатында 20 литрге жуық қан тапсырды.

2

Сонымен қатар, трансфузиология орталығының маңында қызмет еткен полицейлер қанды сол орталықта тапсырды.

3

Тәртіп сақшылары ерікті түрде қан тапсыру акцияларына алғаш қатысып отырған жоқ. Осындай игі шараға атсалысып, ең алдымен көмекке зәру жандар, қызметтік міндеті атқару кезінде жараланған әріптестеріміз туралы ойлап, оларға барынша жәрдемдесуге тырысамыз, дейді полицейлер.

astana.gov.kz

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button